Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте бюджет есебінен көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласы әкімдігі құрылыс басқармасының ақпарытына сәйкес Шымкент қаласында жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арендалық 900 пәтер беріледі. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына да арендалық 505 пәтер беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте бюджет есебінен көпқабатты 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, биылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арендалық баспана ретінде берілетін пәтерлерді бюджет қаржысына нарықтан дайын күйінде сатып алу тәжірибесі қолданысқа енгізіліп отыр. Мұндай шешім мемлекеттің тапсырысымен салынған тұрғын үйлердің сапасына байланысты халықтан арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты қабылданған. Қазірдің өзінде Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілетін 450 пәтер мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына берілетін 363 пәтер сатып алынып үлгерген. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатып алынады.
Мұнан бөлек Шымкентте биыл мемлекеттік бюджет есебінен 4 306 пәтерлі 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 8-і арендалық баспана болса, қалған 92-сі кредиттік тұрғын үйлер. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы аумағы 136,7 мың шаршы метрді құрайтын 1 816 пәтерлі 36 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде бүгінгі таңға дейін 41,5 мың шаршы метр құрайтын 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Тағы 26 көпқабатты үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.