"Әне, адамдардың есі ауысқан", - дейді видео авторы.
"Алтын ғасыр" Youtube-арнасына "Назарбаевқа сәжде жасап жатыр, масқара" деген тақырыппен видео жүктелді. Оны көрген көпшілік Алматы саябағындағы мүсінге табынған екі жігітті "Аллаға серік қосып жатыр" деп айыптауда, деп жазды paryz.kz.
Видео Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында түсірілген. Онда екі ер адам саябақтағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің алдында сәжде жасап, одан кейін оған маңдайларын тигізіп, тәу еткен.
"...Міне, қызық! Алматы қаласындағы Президент саябағы. Бейсенбі. Бүгін жұма да емес. Әне, адамдардың есі ауысқан", - дейді видео авторы.
Видео астына пікір қалдырған жұрт бұл көріністі "Депутат болайын деп жатыр", "Алла сақтасын, мұндай дінсіздіктен! Алла өзің сақтай гөр ұрпақтарымызды, мұндай надандықтан", "Мiне, жағымпаздықтың ақыры! Ойы таяз, рухани азғындыққа ұшыраған адамның осылай icтемесiне кiм кепiл?", "Бұл Аллаға серік қосу ғой" дегендей эмоциямен қабылдап жатыр.