Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасы арқылы хабарлады.
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Қазақстан спортшылары одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болды.
«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін алдағы үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!», - деп жазды.