Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп салынып жатыр

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 білім ұясының құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса тағы 13 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
 

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп салынып жатыр

Білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде 2000 орындық – 8 мектеп, 1500 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп бар.

Жалпы, Шымкент қаласында 2022 жылы 46 мектеп ашылса, биыл 21 мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 3 мемлекеттік мектептің қосымша ғимараттары мен 19 928 оқушыға арналған 18 жекеменшік мектеп бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласында үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі толығымен шешімін тапқан.

Инфрақұрылымның дамуы мен мектептердің материалдық-техникалық базасының нығаюы білім сапасына да оң әсер еткені сөзсіз. Шымкенттік оқушылардың білім сапасына қатысты көрсеткіштері жылдан жылға жақсарып келеді. Мәселен, 2021-2022 оқу жылы білім сапасының деңгейі 51,1 пайызды құраса, 2022-2023 оқу жылы 56,2 пайыз құрап, 5,1 пайызға өскен. Шымкенттік оқушылар халықаралық және республикалық білім сайыстарынан 2023 жылы 92 жүлделі орынға ие болғанын айта кеткен жөн.
Сонымен қатар биыл 134 228 оқушы күніне бір мезгіл ыстық тамақпен және 53 893 бала мектеп формасы үшін берілетін бір реттік қаржылай қолдаумен қамтылған.

Айта кетейік, Шымкент қаласында оқушыларды қосымша біліммен қамту мәселесіне айрықша назар аударылып отыр. Мәселен, 2022 жылы қалада қосымша біліммен қамту көрсеткіші 77,2 пайызды (191 199 оқушы) құраса, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 84.2 пайызды құрап, 210 278 оқушыға жеткен. Биыл оқушылардың 85,4 пайызын қосымша біліммен қамту жоспарланған. Бұл межеге жету үшін 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамту үшін 516,5 млн. теңге қаржы қаралыпты.