Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мақсат Толықбай: Соты сатылатын елде ешқашан әділдік орнамайды

Халық қазіргі кезде әділдік іздеп депутаттарға келетін болған. Сондықтан, сот жүйесіне, полицейлерге реформа керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай «Qasqa Jol» арнасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мақсат Толықбай: Соты сатылатын елде ешқашан әділдік орнамайды
Фото: Halyq Uni

Депутаттың пікірінше, бір Бишімбаев «Болашақ» бағдарламасымен оқу бітіріп келді екен деп, бұл бағдарлама бойынша оқығандардың барлығын жоққа шығаруға болмайды. Қызметте жүрген, білікті мамандар өте көп.

Мұның арғы жағы заңға келіп тіреледі. Заң орнаса, заң әділ жұмыс істесе, тіпті, біз көтеріп жүрген біраз проблема күн тәртібінен өздігінен түсіп қалар ма еді деп ойлаймын. Бишімбаевтың бұған дейін де істі болғаны белгілі. Қаншама енді біреулер тауық ұрлап жеті жылға сотталып жатыр, миллиардтап ұрлағандар алты жылға сотты болып, артынан ақталып жатқандары да бар. Енді көп нәрсе айналып келіп, сот жүйесіне тіреледі. Бізге өзі күніне бәленбай хат, шағым-арыз түседі. Соның 80 пайызы «сот әділ шешім шығармады, балам әділетсіз сотталып кетті» деген хаттар, – деді Мақсат Толықбай.

Халық қалаулысы қоғамда әділдік орнауы үшін ең алдымен, сот жүйесін реформалау керек деп отыр.

Тіпті мен өңірлерді аралаған кезде әкімдердің өзі айтады. Ана мектептің құрылысы неге бітпей тұр? Ана су құбыры не тартылмаған? Енді үш жыл бойы ақша бөлінді ғой. Сосын олар «Мақсат, бірде-бір компания келген жоқ. Бастады да тастап кетті» дейді. «Ал зардап шегіп жатқан ел, компанияны сотқа береміз» дейді. Сот «осы компания бітірсін» деп шешім шығарады. Ол компанияның қашан бітіретіні белгісіз. Оны 2030 жылы бітіре ме, әлде, 2060 жылы бітіру керек пе? Тіпті соттың шешімдерінен мемлекеттік құрылымдардың өзі зардап шегіп жатыр. Сондықтан реформаның ең үлкені – сот жүйесін реформалаудан басталады. Біз қанша жерден айтайық, соты сатылатын елде ешқашан әділдік орнамайды, – деді Мәжіліс депутаты.