Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда полиция тексерген күдіктілер көліктерін тастай қашты (ВИДЕО)

"Қашып бара жатып, олар автоматқа ұқсас зат пен пышақ лақтырып кетті", - деп хабарлады полиция өкілдері. 

Алматыда полиция тексерген күдіктілер көліктерін тастай қашты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда полицейлер пышақ пен автоматқа ұқсас затты лақтырып қашқан күдікті адамдарды қуды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамдарды ұстау барысы мен тәркіленген қару түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

"Медеу ауданы аумағында күдікті көлікті тексеру барысында оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қашып кеткен. Қала бойынша "Ұстау" жоспары жарияланды.

Көлік құралы қаланың Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылында бұғатталды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы жаяу қашты. Қашып бара жатып, олар автоматқа ұқсас зат пен пышақ лақтырып кетті", - деп хабарлады полиция өкілдері. 

Күдіктілердің бірі ұсталғаны хабарланды. Тағы екеуі іздеуде.

"Оларды ұстау - уақыт еншісінде", - дейді ПД өкілдері.

Істің мән-жайы, тасталған заттардың иесі анықталады.