Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкентте 25 млн теңге жымқырған бас дәрігер мен есепшісі сотталды

Бұл туралы AntikorNEWS алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Шымкентте 25 млн теңге жымқырған бас дәрігер мен есепшісі сотталды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері мен бас есепшісі сотталды, деп хабарлады paryz.kz

Қазақпараттың хабарлауынша, бұл туралы AntikorNEWS алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтқан.

"Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері А.Маймақов 4 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - дейді Данияр Бекайдаров. 

Сондай-ақ аурухананың бас есепшісі де жауапкершілікке тартылды. 

"Бас бухгалтер Б. Нарбаева заңды ұйымдарда материалдық жауапты тұлға лауазымын атқару құқығынан 5 жылға айырылды. Сонымен қатар оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы (ҚР ҚК-нің 63-бабын ескере отырып, бас бостандығынан айыру мерзімі шартты болып саналады) тағайындалды. Олар 25 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген", — деді ол.