Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қаскелең ауруханасы Нұрсұлтан қарияны далаға қуып шыққан

Оқиға кеше сағат 02:41-де болған...

Қаскелең ауруханасы Нұрсұлтан қарияны далаға қуып шыққан
фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қалалық ауруханасы 70 жастағы қария Нұрсұлтан Тоқажановты далаға қуып шыққан. Бұл туралы науқастың Әсел Жұмағазы есімді туысы айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Құрметті Қазақстан Республикасының халқы! Мына жағдай 21.01.2021 жылы Алматы қаласы Қаскелең аудандық ауруханасында болды. Менің 70 жастағы атамды қарамай, далаға қуып шықты! Мен шағымданамын. Сіздерден көмек сұраймын", - деді Әсел Жұмағазы Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, оқиға кеше сағат 02:41-де болған. Ауа жетпей қиналып, ем іздеген 70 жастағы қарияны аудандық ауырухана қабылдамай қойған.