Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз": Қошанов денсаулық сақтау вице-министріне ескерту жасады

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз": Қошанов денсаулық сақтау вице-министріне ескерту жасады
Фото: Informburo.kz

Мәжілістің  жалпы отрысында депутат Еркебұлан Мәмбетов вице-министрден халық денсаулығы туралы кодексте енгізілген түзетулер туралы сұрады. Депутат халықтың өмірі мен денсаулығына зиянын тигізетін санитариялық талаптарға қатысты шағымдардың жиілегенін баса айтты.

“Сапасыз өнімдер, улану жағдайлары бар. Санитарлық талаптарды осындай нақты бұзушылыұтар анықталған жағдайда кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады?”, – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр Жандос Бүркітбаев "дәрігерлердің арасында "не навреди" деген мақал бар" деп айтты.

“Осыған қарай, әрине, қазіргі заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза бар. Олар бәрі өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, бүгін қарап отырған заң жобасында жедел әрекет ету шаралары деген жаңа бақылау түрі көрсетілген. Осы шаралар өзіңіз айтқандай, сапасыз өнімді және улану жағдайларында жедел шешім қабылданады. Сонымен қатар, түпкі сатып алу деген бақылау көзделген. Бұл сәйкес келмейтін өнімді халыққа жеткізуге мүмкіндік бермейді”, – деп жауап берді ол.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министр орынбасарының сөзін бөліп, "сізге сұрақ қойылды, ал сіз баяндама оқып кеттіңіз"  деп ескерту жасады. Оған жазбаша жауап беруді тапсырды.