Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақтауда орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім жетіспейді

"Қаламызға, өңірімізге жақын батыс аймақтардан мұғалімдерді шақырту жұмыстары былтырғы оқу жылынан бері жүргізіліп келе жатыр..." - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің өкілі.

Ақтауда орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім жетіспейді
фото: bilimdinews.kz

Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді. Өзекті мәселе қаладағы 25 мемлекеттік, 8 жекеменшік және 1 кешкі мектепті түгелдей қамтиды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мектептердің көбінде бастауыш сынып, физика-математика, орыс тілі мен әдебиеті бойынша 2-3 орын бос тұр.

Қалалық білім бөлімі зейнетке шыққан ұстаздарға және қазір жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге қосымша сағат жүктеме беру арқылы тығырықтан шығуға тырысып жатыр. Сондай-ақ өзге аймақтардан ЖОО бітірген жас мамандар шақыртумен келіп жатыр.

"Қаламызға, өңірімізге жақын батыс аймақтардан мұғалімдерді шақырту жұмыстары былтырғы оқу жылынан бері жүргізіліп келе жатыр. Былтырдың өзінде 25 маман шақыртылды. Биылғы оқу жылында сол 25 маман білім бөліміне қарасты дамыту орталығы балансындағы 31б шағынауданындағы 25-жатақханасына орналастырылды. Іс-шара жоспарына сәйкес, бұл жұмыс әрі қарай жалғасады", - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бағдат Тұрғанбаева.

Болашақ ұстаздарды қолдау шаралары биыл да жалғасады. Ал өткен жылы Маңғыстау облысы әкімінің грантымен 39 жас түлек жоғары оқу орнына түссе, оның 16-сы педагогика мамандығын таңдаған.