Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қызылордалық кәсіпкер бюджетке 136 млн теңге залал келтірген

Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар аралығында жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

Қызылордалық кәсіпкер бюджетке 136 млн теңге залал келтірген
фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады paryz.kz

Бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн теңгеден асады. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар аралығында жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

ҚР ҚК-нің 245-бабы 1-бөлімі ("Декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару") бойынша тергеу ісі жүргізілуде.