Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Атырау облысында бойжеткен танысқан жігіттің үйін тонап кетті

Пәтерге енген соң қыз артынан келетін екеуге есікті іштен ашып береді...

Атырау облысында бойжеткен танысқан жігіттің үйін тонап кетті
фото: Depositphotos

Атырау облысында Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын тонау күдігімен 3 адам ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, mgorod.kz-ке сілтеме жасап.  

Күдіктілердің екеуі - ер адам, тағы бірі бойжеткен көрінеді. Оқиға Орал қаласында болған. Жәбірленуші ойын-сауық орталығында бір қызды кездестіреді. Таныстықтан соң қыз жігіттің тілегін қабыл алып, оның үйіне бас сұғады. Пәтерге енген соң қыз артынан келетін екеуге есікті іштен ашып береді.

Шақырылмаған қонақтар үй иесін соққыға жығып, оның ноутбугын, қалта телефонын және жалпы сомасы 1 миллион теңге тұратын алтындарын ұрлап кеткен. Жәбірленуші полицияға жүгінген. Оралдық жігіт танысқан қыздың тек есімін ғана білетіндігіне қарамастан, тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатыстылардың барлығын анықтап, тапты.

Атырау облысына жіберілген жедел уәкілдер үшеуін де жалдамалы пәтерден ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.