Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әлеуметтік желіде Алматылық бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

Алматы тұрғыны Республика күні қарсаңында парашютпен секіріп, жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартқан. 

Әлеуметтік желіде Алматылық бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
Фото: видеодан скриншот

Хабар24 телеарнасының хабарлауынша, алматылық ержүрек бойжеткеннің есімі Ляйля Тәжібаева. Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызбен еліміздің ұлттық күйін орындаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қобызшы бұл батыл әрекетін Республика күніне арнаған. Сондай-ақ бойжеткен жоспары бойынша орындалған композицияның фонында Қазақстанның көк туын желбіреткен.