Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Сот істі қараудан жалтарып отыр..." – Макс Боқаев

Бұған дейін Макс Боқаевтың досы Талғат Аян белсендінің 4 ақпан күні босап шығатынын хабарлаған еді. Бірақ түзету мекемесі бұған қатысты түсінік берген жоқ.

"Сот істі қараудан жалтарып отыр..." – Макс Боқаев
фото: ашық дереккөз

Қазір қамауда жатқан белсенді Макс Боқаев Атырау қалалық соты жазаны жеңілдету бойынша сот отырысын өткізуден қашып отыр деп мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Белсендінің адвокаты Жанар Сүндетқалиеваның айтуынша, сот отырысқа бақылаушылар мен тілшілерді қатыстырмау үшін процесті кейінге шегерген.

"Сот отырысы 19 қаңтар күні 15.30-да болуы керек еді. Отырысқа қатысуға 15 бақылаушы мен журналист тіркелді. Бірақ түзету мекемесінде видеобайланыс нашар болғандықтан, сот отырысты сағат 16.30-ға шегерді. Отырыс көшпелі болсын деді. Содан біз түзету мекемесіне бардық. Оларда сот отырысына бақылаушылар мен тілшілерді қатыстыру туралы өтінішхат болғанымен, бізді кіргізбеді. Карантин уақыты әрі күзеттегі мекеме болған соң, отырысты байланыс желісі қалпына келгенде өткізейік деп өтініш айттық. Бірақ сот бас тартты. Сонда Макс Боқаев судьяның істі бұрып отырғанын түсінді. Содан отырыс кейінге қалдырылды", - деп түсіндірді қорғаушы Сүндетқалиева.

Бұған дейін Макс Боқаевтың досы Талғат Аян белсендінің 4 ақпан күні босап шығатынын хабарлаған еді. Бірақ түзету мекемесі бұған қатысты түсінік берген жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: Макс Боқаев 4 ақпанда бостандыққа шығуы мүмкін

Оның үстіне, Талғат Аян Боқаев босатылғаннан кейін оны әкімшілік бақылауға алуы мүмкін екенін айтқан. 19 қаңтар күнгі сот осы мәселені қарауы керек еді...