Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Бұл жерде қытайдың бизнесі бар": белгілі адвокат Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)

"Бұл жерде қара бұғалтырлық, қытайдан келген өтірік мөрлер бар", - дейді ол.

"Бұл жерде қытайдың бизнесі бар": белгілі адвокат Тоқаевқа үндеу жолдады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Құқық қорғаушы Айман Омарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл ретте ол өз қорғауындағы Салтанат Құсманқызын заңсыз соттап жіберді деп есептейді, деп хабарлады paryz.kz.

"Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Мен адвокат ретінде ант етемін. Бұл жерде заңсыздық болды. Құсманқызын соттап жіберді. Бұл жерде қытайдың бизнесі бар. Оның артында Назарбаевтың туысқандары тұр деп айтып жатыр. Тексер деп прокуратураға қанша айттық, тексерген жоқ. Бұл жерде қара бұғалтырлық, қытайдан келген өтірік мөрлер бар", - деді Айман Омарова.

Ол осы істе әділетсіздік болғанын, Қытайдың заңсыз әрекеттерін көріп тұрғанын мәлім етті. Сөзінің соңында "бір қазанға екі қошқардың басы сыймайтынын", мұндай жағдайларды Президент ретінде Тоқаевтың өз бақылауына алуы керектігін жеткізді.

Еске сала кетсек, Салтанат Құсманқызы 2019 жылы "Ас-ай ЛТД" компаниясынан "77 млн 400 мың теңгені алаяқтық жолмен жымқырды" деп айыпталып, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты шығарған үкіммен 8 жылға сотталған еді. Кейін 2020 жылы сәуір айында Алматы қалалық соты апелляциялық алқасының шешімі бойынша босап шықты. Ол кезде сот "қылмыс құрамының болмауына байланысты" Құсманқызын 419-бап бойынша ақтап, "кәсіби міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін" (бастапқы "Алаяқтық" бабы кейін "Міндетіне адал қарамау" бабымен өзгертілген) 2 жылға бас бостандығынан айырған. Қылмыстық кодекске енген өзгерістерге сәйкес, Құсманқызының түрмеде отырған әрбір күні екі күнмен есептеліп, қамаудан босап шыққан.

Бірақ 2020 жылы 23 қарашада Бас прокуратура Жоғарғы сотқа Салтанат Құсманқызының ісін қайта қарауға шағым түсірген.