Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Түркістан облысының тұрғыны бірнеше кішкентай қызды зорлады деп айыпталды

Түркістан облысы Отырар ауданында 33 жастағы ер адам жеті қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысының тұрғыны бірнеше кішкентай қызды зорлады деп айыпталды
Фото: pixabay.com

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, әртүрлі отбасының балалары бір адамнан зорлық көргенін хабарлаған. Қыздардың жасы 7-10 аралығында. Олар күдіктімен көпқабатты үйде көрші тұрған.

Түнде Түркістан облысының тұрғындары "Бір терезе" жобасы бойынша бізге хабарласып 1990 жылы туған ер адам әртүрлі отбасынан шыққан жеті қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлады, - деді адвокат.

Омарова зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп болжайды. Ол оқиға туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға айтқан.

Ал балалары жәбір көрген ата-аналар күдіктінің ағайыны әрі көршісі екенін мәлімдеді, деп жазды Stаn.kz.

Кеше түскі ас кезінде естідім. Осы жаз айында зорлық-зомбылық жасаған. Ауруханаға апарып тексерттім, айдан-анық көрініп тұр. Менің сараптамаға жіберуді талап етемін. Азаннан кеше түннен бері жүрмін. Әлі бір адамды тергемеді. Бұл жерде жалғыз мен емес, бірнеше қызды зорлық-зомбылық көрсеткен. Дәрігерлерге апарып көрсеттім, жоғарыға апаратын мүмкіншілігім болмай, таныс дәрігеріме апарып көрсеттім. Алдымен көзім анық жетсін дедім. Сіздерге өзім жетіп болғаннан кейін барып, айтып отырмын. Аудандық ішкі істер бөлімі шақырып кешелі бері осы жерде әлі тұрмын. Қимылдап жатқан тергеушілер жоқ. Бір адамды бірнеше сағат әлі тергеп жатыр, - деді жәбірленушінің анасы.

Түркістан облысының полицейлері құқық қорғау органдарына тек екі жергілікті тұрғын ғана арыз бергенін айтты. Зорлаған күдікті ұсталып, ол бәрін мойындады. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істің тергеуі менің жеке бақылауымда. Сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын, - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.