Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Шымкентте пара алған мектеп директоры 8 жылға сотталды

Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. 2020 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында...

Шымкентте пара алған мектеп директоры 8 жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған мектеп директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz.

Сот отырысында №34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша кінәлі деп танылған. Атап айтқанда, бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен және талан-таражға салған. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен мұғалімдердің қосымша айлығын өзіне иемденген. Тіпті аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратып келгені дәлелденген. Десе де, тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Үкім оқылғаннан кейін ол сот залында қамауға алынды.

"Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. 2020 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында. Яғни ол мұғалімдерді ақысыз еңбек демалысына шығармас үшін, жұмыста қалдыру үшін олардан пара талап еткен. Параны қорқытып алып отырған. Сот жаза тағайындау барысында айыпталушы Қалтаеваның жасаған қылмысының ауырлығын сезінбегенін, өз кінәсін мойындамағанын, іс бойынша ауырлататын мән-жайдың бар екенін, ал жеңілдететін мән-жайдың жоқ екенін ескерді. Оның тарапынан сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде орын алғанын ескере отырып, тек қана бас бостандығынан айырғанда ғана бұл жаза мақсатына жетеді деген қорытындыға келдік. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді",- деді үкімді оқыған судья Аинель Орақбаева.