Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ғалымдар адамның өмір сүру ұзақтығы туған айына байланысты екенін дәлелдеді

Көпжылдық еңбектің арқасында америкалық ғалымдар ғажап жаңалық ашты. Адамның туған айы оның өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді, деп хабарлайды gazetabalakovo.ru

Ғалымдар адамның өмір сүру ұзақтығы туған айына байланысты екенін дәлелдеді
Фото: ffnatation.fr

Сонымен қатар олар туған күннің денсаулықтың әртүрлі аспектісіне де әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жылдың қай маусымында туғаны адамның тағдырына әсер етеді. Мәселен, күзде өмірге келгендер ғұмырлы болады екен.

Ғалымдар мәліметінше, күз бен көктемде туылған жандардың өмір сүру ұзақтығының алшақтығы 40%-ға жуықтайды. Егер күз айларының бірінде туған күн тойлаушылар қатарынан болсаңыз, ұзақ өмір сүресіз.

Сонымен қатар зерттеушілер денсаулық көрсеткіші де маусымдық сипатқа ие деп санайды. Мәселен, қыста туылған балаларда шизофрения, көз дерті және аллергияға шалдығу көрсеткіші жазда туылғандармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.  

Тағы бір қызықты мәлімет; маусымдық сипатқа білім алу көрсеткіші де тәуелді болады. Оқу жылының басында туылған  балалар сабақты жақсы оқиды делінеді. Дегенмен, ғалымдар мақсатымыз тағдырды болжау емес, туған айға байланысты әртүрлі факторларды зерттеу дейді.

Маусымдық өзгерістердің адам өміріне әсерін жан-жақты зерттеген ғалымдар, жыл мезгілдері адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді деген қорытындыға келді. Оптимистер пессимистерге қарағанда ұзақ өмір сүреді екен.