Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Енесі келінінің шашын жұлған»: Шымкент полициясы видеоға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде «келінін күштеп тәртіпке салған ененің» видеосы кең тараған болатын. Видео Telegram арналардың бірінде пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Енесі келінінің шашын жұлған»: Шымкент полициясы видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Otyrar.kz сайтының жазуынша, видео сипаттамасында автор аталған оқиға Шымкентте болуы мүмкін деп болжайды. Алайда көп ұзамай қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық ПД қызметкерлері тексеру жүргізгенін хабарлаймыз. Нәтижесінде видеода көрсетілген жағдай Шымкент қаласының аумағында орын алмағаны анықталды. Осыған байланысты тексерілмеген және жаңсақ ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз, - деп мәлімдеді
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.