Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Елімізде қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ
фото: unplash

Қоғамдық орындарда діни киімдер киюге шектеу қойылады. Мен бүкіл әлемдік тәжірибені зерттедім, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе. Қоғамдық орындарда бетін жауып жүретіндерді тану өте қиын. Бұл мәселе қоғаммен бірге талқыланатын болады. Біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысты күшейту және осы бағыттағы заңнамалық нормаларды қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз, - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.