Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бұрынғы вице-министр Анатолий Шкарупа 10 жылға сотталуы мүмкін

Сот отырысы 22 қаңтарда - жұма күні жалғасады.

Бұрынғы вице-министр Анатолий Шкарупа 10 жылға сотталуы мүмкін
фото: Green Bridge

Қарағандыда Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаның ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады zakon.kz.

Жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Шкарупаға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ол ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталуда.

Басқа сотталушылар - Тұрғын үй құрылысын дамыту қорының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен "ENERCO" ЖШС директоры Ерлан Нәбиевке прокурор 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот отырысы 22 қаңтарда - жұма күні жалғасады.

Шкарупа 2018 жылдың қараша айында қамауға алынды. 2018 жылдың қазанында ол қамауға алынған Жақсалиевтің орнына Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. 7 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сол кездегі Бас прокурор Қайрат Қожамжаров жақында Энергетика министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған Анатолий Шкарупаның 215 миллион теңгені ұрлауға қатысы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін Сарани қаласының әкімі қызметін атқарған Шкарупаға қатысты ауыр айып тағылды.

Бас прокуратура бұрынғы Энергетика вице-министрінің "Тұрғын үй құрылысын дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы Қайсар Байдалымен және "ENERCO" ЖШС директоры Ерлан Нәбиевпен бірге қамауға алынғанын хабарлады. Олар Қарағанды ​​облысының Саран қаласында жылу есептегіш құралдарын сатып алуға және орнатуға ТКШ дамыту қорынан бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Саран қаласында жылу магистралі мен орталық қазандық болмаған кезде қор 215 миллион теңгеден астам қаражатты "ENERCO" ЖШС-не заңсыз аударған.