Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыдағы аурухана құрылысына бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Ал мұның алдында қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевка қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Алматыдағы аурухана құрылысына бөлінген қаржы талан-таражға түскен
фото: 24.kz

Алматыда КВИ госпиталінің құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

"16 қаңтарда департамент Алматыда коронавируспен күресті күшейту мақсатында салынған модульді аурухана құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға байланысты, ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша тексеруді бастады. Қазір істің әділ тергелуін қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 24-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс мәліметтері құпия болып отыр. Ал мұның алдында қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.