Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аса ірі көлемде ақша алған ақтөбелік алаяқтар іздестіріліп жатыр

Тапсырыс берушілерді алдап, аса ірі көлемде ақша алған, бірақ сатып алушыға тауар жеткізбеген...

Аса ірі көлемде ақша алған ақтөбелік алаяқтар іздестіріліп жатыр
фото: дереккөз

Ақтөбе облысының Полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған екі адамға іздеу салынғаны туралы хабарлама таратты, деп хабарлады paryz.kz, "Ақтөбе-Тайм" басылымына сілтеме жасап.

"1990 жылы туған Ермағамбетова Жанар Мақсұтқызы іздестіріліп жатыр. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізу туралы шарт жасасқан. Тапсырыс берушілерді алдап, аса ірі көлемде ақша алған. Бірақ сатып алушыға тауар жеткізбеген", - делінген іздеу хабарламасында. 

Сондай-ақ тағы бір азамат - 1966 жылы туған Әбішева Назгүл Молдабайқызы да аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатыр.