Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Террористен қорыққан елордалықтар түн ортасында абыр-сабыр болды (ВИДЕО)

"Бір террорист ұсталды, қалғанын таба алмай жатыр..." - дейді кадр сыртындағы дауыс.

16 қаңтар, сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы "Тамыз" тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлердің бірінде салынған бомба және "террорист ұсталғаны" туралы хабар тарады. Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына оқиға орнынан видео жіберді, деп хабарлады paryz.kz.

"Көрші үйде бомба салынған. Бәрін эвакуациялады. Бір террорист ұсталды, қалғанын таба алмай жатыр. Есік алды полицейлерге толы. Адам көп. Он жыл ішінде мұндай ешқашан болған емес", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Артынша жарылғыш құрал туралы ақпарат тарағаннан кейін тұрғындардың эвакуацияланғаны белгілі болды. Ақпарат жалған болып шыққан, бомба табылмады. Толығырақ түсініктеме кейінірек беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 22.03-те 102-ге тұрғын үйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері келіп, 60-қа жуық адамды эвакуациялаған, жарылғыш құрал табылмады.

"Күдікті ұсталды. Куәландыру нәтижелері бойынша ол мас болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері.