Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аяғы бар қыздарды да күйеулері тастап кетіп жатыр – Айсұлудың анасы (ВИДЕО)

20 жасында жол апатына түсіп, екі аяғынан бірдей айырылған қайсар қыз сол оқиғадан кейін сынып кетпеді, яғни басқа түскен сынаққа берілмеді. Ол тұрмыс құрып, ана атанды. Алайда күйеуімен дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен.

Аяғы бар қыздарды да күйеулері тастап кетіп жатыр – Айсұлудың анасы (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

«Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында Айсұлудың анасы Туғанай Сүлейменова күйеубаласының қиындыққа шыдамағанын айтты.

«Күйеуі шыдамаған шығар, білмеймін енді. Ажырасуын қиын қабылдадым. Менен бұрын Айсұлудың өзі қатты қабылдады. Тағы да жылады. Қызым қатты қиналды. Аяғым жоқ, содан кетіп қалды деп ойлады. Әрі қарай қалай өмір сүремін деген қиналыс болды-ау деймін.

Күйеубалама ренішім жоқ. Әркім өзі біледі ғой. Әркімнің өз тағдыры бар. Тағдырдың сынағы шығар. Қызыма «Айсұлу, сен ойлайсың ба, аяғы жоқ адамдарды тастап кетеді деп? Аяғы бар адамдарды да тастап кетеді» дедім. «Ештеңеден қиналма! Барлығы да жақсы болады» деп күш бердім, - дейді анасы.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.