Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Бес баласы бар, өзі міне берсінші». Бәстескен жетісулық екі достың әрекетіне жұрт тәнті болды

"Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінде жеңімпаз атанған Жетісу командасының капитаны өзіне сыйға берілген көліктен бас тартты, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Бес баласы бар, өзі міне берсінші». Бәстескен жетісулық екі достың әрекетіне жұрт тәнті болды
Фото: видеодан скриншот

"Міне, менің досым, осы мені итермелеген. Екеуіміз отырғанда мен "Биыл бірінші орын алам" дедім. Ал ол тұрады да, "Сен биыл келмейсің" дейді. Мен "Келемін" деймін. Содан бәстесеміз. "Lexus көлігімді беремін" деді. Маған Lexus-ты берді. Мен бірақ оны алмаймын", - дейді Айдархан есімді ер адам.

Ал бәстен ұтылған ер адам досына көлігінің кілтін ұсынды.

"Жаңа көлік емес, өзім мініп жүрген көлік. Менің айтқаным рас. Жігітше. "Көлік беремін" дедім, беріп тұрмын. 2000 жылғы Lexus EC 300", - дейді ол.

Алайда алғашқысы бұл сыйдан бас тартып, бұл бәс оған жай ғана стимул болғанын айтады.

"Бес баласы бар, өзі міне берсінші. Бұл жаяу қалып, мен көлікпен жүргенім керек емес. Өзіңе сыйладым", - деп екеуі қол алысады.

Бұл видеоға көпшілік тәнті болып, екі ер достың да мәрттігіне сүйсініп жатыр.

"5 баласын ойлап тұр ғой, ақыреттік дос осы шығар", "Дос деген осы екен ғой", "Жігіттердің төресі екен екеуі де", "Айналайын бауырым түрің қара болғанмен, дүниенің алтын-гауhарынан артық болмысың, досың да өзіне сай, аман болыңдар", деп жазуда көпшілік.