Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауруханаға түсті

"Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтқан", - дейді "МузАРТ" тобының директоры.

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауруханаға түсті
фото: ankui.kz

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматыда коронавируспен ауруханаға түсті деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Иә, кеше түсте жедел жәрдем шақырдық. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды", - деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай Tengrinews.kz тілшісіне. 

Топ директорының айтуынша, қазір әншінің жағдайы жақсы. 

"Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтқан. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады", - деді Жүнісбай. 

Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың қарашасында ол өзінің шығармашылық қызметінің 30 жылдығын атап өткен.