Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"SIM картасы да бар": абақтыдағы азаматтың асқазынан телефон табылды

ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентгеннен өту кезінде тыйым салынған зат анықталды...

"SIM картасы да бар": абақтыдағы азаматтың асқазынан телефон табылды
фото: mobiset.ru

Ақмола облысында түрмедегі азаматтың асқазанынан ұялы телефон табылды, деп хабарлады paryz.kz, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентгеннен өту кезінде тыйым салынған зат анықталды. Сотталушы ұялы телефон қалтасында емес, асқазанында екенін айтқан.

"Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см "Nokia" телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.