Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Каша қылып жібердіңдер...": Жандарбек Бұлғақов жаңа депутаттарды "сойып салды" (ВИДЕО)

Сол 3-4-ақ сөзден тұратын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей, халықтың көзіне қарап, шын жүректен ант беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялу керексіздер", - деді ол.

"Каша қылып жібердіңдер...": Жандарбек Бұлғақов жаңа депутаттарды "сойып салды" (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов күні кеше ант беру рәсімінің мәтінін айта алмаған депутаттарды сынға алды. Оның сөзін көпшілік қолдап, депутаттардың халық тілінде сөйлей алмауын ұят санады, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Конституциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!". Бар болғаны осы 4-5-ақ сөйлемнен тұратын кішігірім мәтінді бүгін елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деген депутаттарымыз айта алмады. Ант беру рәсімінде дал-дұлын шығарып, каша қылып жібердіңіздер ғой, құрметті депутаттар", - деді айтыскер.

Сондай-ақ, ол ант мәтінінің алдын ала берілетінін депутаттардың бетіне басты.

"Депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыра ма, әлде әліппені қайтадан өту керек пе, мен түсінбедім. Ант беру рәсімінде сіздер антты бұзып тұрсыздар ғой. "Халыққа адал қызмет етемін" дейсіздер. Бірақ халықтың тілінде сөйлей алмай жатсыздар. Аяқ астынан сөз келіп қалса, түсінемін. Адам аяқ астынан сасып қалуы мүмкін. Бірақ сіздерге "Ертең сағат осындайда-осындай жерде ант беру рәсімі өтеді" деп, алдын ала берілді, берілмеді емес. Ол ақымақ адамға да түсінікті. Сол 3-4-ақ сөзден тұратын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей, халықтың көзіне қарап, шын жүректен ант беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялу керексіздер", - дейді Жандарбек Бұлғақов.

Тағы оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары қағаздан 3-4 сөйлем антын оқи алмай тұр (ВИДЕО)

Видеоны желідегі парақшасында бөліскен Дәулет Мұқаев: "Соңына дейін көріңіздер. Біраз күліп те алдым... Негізі күлетін нәрсе емес. Жылау керек! Олар үшін мен ұялып отырмын. Қайырлы түн!" деп жазды ол.