Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Маралтай Райымбекұлы 4 әйелінен 10 баласы бар екенін айтты (ВИДЕО)

Танымал ақын Маралтай Райымбекұлы ел білмейтін отбасылық құпиясын «Алғашқы» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маралтай Райымбекұлы 4 әйелінен 10 баласы бар екенін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ақын өз сөзінде төрт жұбайынан 10 баласы бар екенін айтты.

Тағдырым ала құйын. Біресе олай, біресе бұлай. Құдай маған 10 перзент берді. Соны маңдайы жарыған аяулы, ардақты қазақтың 4 қызынан нәсіп қылды. Әлия - менің тұңғыш қызым. Өмірде бар екенін 15 жыл бойы білген жоқпын. Әлияның да тағдыры елге, жұртқа құпия, жабық қалпында қалғанын қалаймын. Өйткені оның себептері бар. Бұл тақырып осы қалпында қала берсе ләзім деп ойлаймын, - деді ол.

Маралтай ақынның сөзіне сенсек, балалары бір-бірін жақсы қабылдаған.

Аллаға шүкір. Бір-бірін толық қабылдады. Бұл менің еңбегім емес, перзенттерімнің аналарының еңбегі. Отбасымда шайымды құйып отырған Шәкидің еңбегі, басқа да балалардың аналарының еңбегі, - дейді ақын.