Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды

"Қазір 11 елді мекенде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр", - деді Май аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы. 

Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды
фото: дереккөз

Соңғы күндері ұйытқи соққан бораннан Павлодар облысында ауылдарды қар басып қалды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Май ауданында күртік қардың биіктігі бір метрге жуықтаған. Бұл көлік қозғалысына ғана емес, адамдардың да жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып отыр. Ауылдарды қардан тазарту жұмыстарына барлық күш жұмылдырылған.

Аудан орталығы Көктөбе ауылынан 300 тоннаға жуық қар шығарылды. Биыл аудандық бюджет қаржысына қар күрейтін әмбебап техника алыныпты. Оның құны – шамамен 27 миллион теңге. Қазір ауыл арасындағы жолдардың қары күреліп жатыр. 

Еске сала кетсек, өткен жылы да Май ауданы қар құрсауында қалған еді. Ол кезде қардың биіктігі үш метрге дейін жеткен.

"Қазір 11 елді мекенде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Барлық ауылдарға кіреберіс жолдар ашылды. Қыс маусымы басталғалы бері 286 тонна қар шығардық", - деді Май аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Асқар Шақарғалиев.