Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағанды облысында туыстары қаза тапқан әйелдің мәйітін таба алмай жүр

Тек іздеу жарияланғаннан соң, күйеуі "әйелімді өзім өлтірдім" деп полицияға барса, құқық қорғау қызметкерлері жауап та алмай, қамауға да алмай, үйіне қайтарған...

Қарағанды облысында туыстары қаза тапқан әйелдің мәйітін таба алмай жүр
фото: дереккөз

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Тоғызқұдық ауылында күйеуі өзінің жарын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Ал әйелдің денесі 4 айдан бері табылмаған, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында өткен жылы жоғалып кеткен келіншектің мәйітін жақындары әлі іздеуде.

Төрт баланың анасы Октябрь Балби былтыр көктемде күйеуімен араздасып, Теміртаудағы әпкесінің үйіне балаларын ертіп кетіп қалған. Бірақ 22 қыркүйек күні енесіне хабарласып, жағдай сұрасқаннан кейін үйіне қайтуды ұйғарған. Алайда күйеуіне қайтып оралған келіншекті одан кейін ешкім көрмепті. Тек іздеу жарияланғаннан соң, күйеуі "әйелімді өзім өлтірдім" деп полицияға барса, құқық қорғау қызметкерлері жауап та алмай, қамауға да алмай, үйіне қайтарған. Алайда ол үйіне келіп, өзіне қол жұмсапты.

"Қылмысын толығымен мойындап, ертең әйелдің мәйітін көрсетемін десе, полицейлер оның айтқанын тыңдамай, босатып жіберген. Ал ол болса, үйіне барып өзіне қол жұмсайды. Төрт ай уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Қарағандының барлық құзырлы органдарына жүгіндік. Қылмыстың уақытылы ашылмағанына полиция қызметкерлерін кінәлаймыз", - дейді марқұм әйелдің әпкесі Сайрам Балби. 

Жақындары марқұм Октябрь Балби жоғалып кеткенде күйеу балаларынан күдіктеніп, сол күні кешкі сағат 20:00-де полиция шақыртқан. Алайда тәртіп сақшылары келесі күні бір-ақ жетіпті. Күйеу балаларының көлігінің жуылып тұрғанын, көліктегі резеңке етік пен канистрді көріп, күдік күшейсе де полиция оған назар аудармай, заттай айғақ ретінде тәркілемеген. Көлікте көрінген қан іздерін де құқық қорғаушылар енді байқаған дейді туыстары. 

Бұл туралы Қарағанды облысының ПД өкілдері пікір білдірді. 

"Қылмыс жасаған куәгерлердің болмауынан, қылмыс үстінде ұсталмағандықтан, қан немесе басқа айғақ заттардың табылмауына байланысты, ол азаматты қамауға алуға мүмкіндік болмады", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.