Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Әйел еркектің рахаты үшін ғана жаратылған». Әсел Асқар кәсіпкерге қарсы шықты

Видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен үш әйелі бар Ақылбек Меңдіғалиұлы мен тележүргізуші Әсел Асқар “Қыздар-ай” бағдарламасы барысында дауласты. 

«Әйел еркектің рахаты үшін ғана жаратылған». Әсел Асқар кәсіпкерге қарсы шықты
Фото: “Қыздар-ай” бағдарламасынан скрин

Қонақ ретінде шақырылған Ақылбек Меңдіғалиұлынан Әсел Асқар тележүргізуші ретінде: “Үш қатынды не үшін алдыңыз?” деген сұрақ қойды. “Алғым келген соң алдым. Маған бәйбішенің рұқсаты керек емес. Олардың рұқсатының маған қажеті не? “Оқымаған адам қиын, оқымаған қатын мүлдем қиын” деген әңгіме болып тұр. Мен үшін үш  қатын да аз”, – дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.

Бағдарлама жүргізушісі Әсел Асқар студия қонағының бұл сөзіне шамданып қалды, деп жазады Stan.kz.

Мен сіздің қатыныңыз емеспін. Сіздің маған олай айтуға құқығыңыз жоқ. Үйдегі әйелдеріңізді қалай атасаңыз да өз еркіңіз. Бірақ бізге ондай әңгіме айтпаңыз, – деді ашуға мінген Әсел Асқар.

Үш әйелі бар кәсіпкердің айтуынша, әйелдің күйеуіне ескертпей, оның рұқсатынсыз сыртқа шығуына қарсы. Тіпті әйел тек ер адамның рахаты үшін жаратылған деп санайды.

Әйелдер дандайсып, өздері шешім қабылдап, күйеуінің рұқсатынсыз анда-мында кете беретін болса, ол оның еркектен көп табыс табатынын іс-әрекетімен көрсетеді. Иә, әйел ол туралы айтып, жанжал шығарып жатқан жоқ, бірақ амалымен көрсетіп отыр. Сен қойныңдағы қатыныңның не істеп, не қойып жүргенін білмейсің. Әйел –еркектің қуанышы, жеңілдігі мен рахаты үшін жаратылды. Болды, тек осы үшін. Ризық-несібенің барлығы еркектің мойнында , – дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.

Ал Әсел Асқар бұл пікірге мүлдем қарсы: “Әйел – өзіне би, өзіне қожа. Бізде қожайын жоқ. Қожайынымыз болатындай біз ит немесе мысық емеспіз. Өзіміз ақша табамыз, балаларымызды асыраймыз, жұмыс жасаймыз”, – дейді бағдарлама жүргізушісі. 

Кәсіпкердің тағы бір мәлімдемесі көпшіліктің жағасын ұстатты.

Мен үш әйеліме: “Қыз тусаңдар, оларды тек екінші, үшінші, төртінші әйел қылып беремін” деп айтып қойдым. Бірінші әйел қылып та бермеймін. Қыздарымды 18 жаста байға беремін, – дейді кәсіпкер.