Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беретінін уәде етті

"Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады", - дейді ол.

Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беретінін уәде етті
фото: Ақорда

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі. Бұл туралы VII шақырылған Парламенттің І сессиясын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады", - деді мемлекет басшысы.

Президент барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керектігін баса айтты.

"Басты басымдық - халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қасатындығын білгені жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, қазір отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107 депутатының 99-ы қатысып отыр.