Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Өлгім келеді»: қыз зорлап сотталған азамат түрмеде жатып әйелін бопсалаған

Алматы облысының түрмесінде жатқан сотталушылардың телефон қолданғандары анықталды. Олардың кейбірі тіпті сырттағы адамдарды қорқытуға көшкен.

«Өлгім келеді»: қыз зорлап сотталған азамат түрмеде жатып әйелін бопсалаған
Фото: actual.today

Түрмеде жатқан күйеуінің бопсалауынан әбден жүйкесі жұқарған әйел өзін өзі өлтірмек болған. Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Самет Ерназаров қыз зорлап, 18 жылға сотталып кеткен. Алайда ол Алматы облысының Заречный елді мекеніндегі түрмеде жатып-ақ сырттан ақша бопсалаған. Тіптен ол бұрынғы әйеліне күн көрсетпей, қорқытып-үркітуге көшкен. Қылмыскерден қорыққан әйел ақша да аударған. Тіптен болмаған соң өлуге де бекінген. 

«Қыз зорлап, 18 жылға қамалған күйеуім, маған звондап тыныштық бермейді»,- деп көмек сұраған Айгүл Орынбектен.

Бұған қатысты заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында іске ІІМ-нің араша түсу керектігін жазды.

«ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыскер түрмеде емес, курортта жатыр ма? «Айгүл ханым көмек беріңізші, әйтпесе өзіме қол жұмсаймын» деп жекеме бір емес, бірнеше рет жазыпты. Қыз зорлап түрмеге түскен адамның өзі телефон ұстап құтырып жатыр. Қыз зорлағандардың түрмеде жағдайын жасайтын болсаңдар, неғыласыңдар қамап біздің ақшамызды құртып?», - деді белгілі заңгер Айгүл Орынбек.

Он жылдан бері жазасын өтеп жатқан қылмыскер жалғызбасты ананы, яғни бұрынғы әйелін қорқытып, балғаттаған. Тексеру барысында сотталушыдан расымен де ұялы телефон табылған. Заңсыздыққа жол берген қызмектерлерді анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды.

«Алматы облысында орналасқан №12 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтың тыйым салынған затты қолдану фактісі анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында, қолданыстағы ұялы телефон табылып, тәркіленді. Сотталған Е. жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға оқшауланды. Тыйым салынған телефонның мекемеге кіру жолдарын толық анықтау үшін, ҚАЖ Департаменті қызметтік тергеу тағайындады, нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы Заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.