Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Мылжың адамға Парламентте орын жоқ»: Нұртас Адамбай Ринат Зайытовқа шүйлікті

Продюсер, актер Нұртас Адамбай Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың сұхбаттарының бірінде айтқан «намазхандардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзіне шамданып жатыр, деп жазды Paryz.kz.  

«Мылжың адамға Парламентте орын жоқ»: Нұртас Адамбай Ринат Зайытовқа шүйлікті
фото: әлеуметтік желіден

Ел азаматы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтан сұхбатта айтқан сөзіңізге дәлел келтіруіңізді сұраймын.

Еліміздегі намазхандардың 80 пайызы алаяқ екені туралы. Осы сөзіңізге дәлел беруіңізді сұраймын. Олай болмаған жағдайда мен сізді мылжың деп есептеймін. Мылжың адамға Парламентте орын жоқ, - дейді соңғы уақытта діндар болып көріне бастаған Нұртас Адамбай.