Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жамбылдық шенеуніктер қызметтік пәтерлерін жалға беріп қойған

Таразда шенеуніктер  қызметтік пәтерді жалға беріп, қалтасын толтырса, енді бірі қараусыз қалдырған. Тіпті, коммуналдық төлемақысын төлемейтіндері де бар екен, деп жазды baq.kz.

Жамбылдық шенеуніктер қызметтік пәтерлерін жалға беріп қойған
сурет baigenews.kz

 «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері рейдке шығып, мемлекеттік қызметкерлерге уақытша берілген баспаналарды тексерді. Оның барысында еммлекеттік қызметте жүргендерге уақытша берілетін баспаналардың дені мақсатсыз пайдаланылып жатқаны анықталды.

«13 пәтерге бардым өзім. Олардың ешқайсысында тізім бойынша азаматтар болған жоқ. Есігін ашпаған азаматтардың көршілерімен тілдесіп көрдік. Кейбір азаматтар 3-4 айда бір рет келеді деп айтып жатты. Ал кейбір жағдайларда ол пәтерді басқа адамға өткізіп қоюы ықтимал деген болжамды айтып жатты. Сатып жіберуі де мүмкін, - дейді «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова.

Есігін ашпаған бір пәтердің көршісі баспананың былтыр қыста сатылып кеткенін айтқан. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев оны жоққа шығарып отыр.

«Жоқ, бұл сатылмайды. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, егер сол қызметтік пәтерге ие болған адамның мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам еңбек өтілі болса ғана, ол қалдық құнымен сатып ала алады», - дейді ол.

Жалпы, шаһардағы 108 үй мемлекеттік қызметтегілерге берілген. Оның 48-і – ротациялық, яғни қызметі аяқталғанша тұра алатын пәтер. Ал қалған баспаналарды жұмыс өтіліне байланысты сатып алуға жол берілген.