Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Дігідік-дігідік деп өте шықты ма?": жұрт Ту ұстаған "диван геройларға" өкпелі (ВИДЕО)

"Ең құрыса, былтыр кептелісте тұрып қалған автобусты пойыз қаққан Шамалған станциясындағы көпірді неғып талап етпедіңдер?" - дейді Сәуле Әбілдаханқызы.

"Дігідік-дігідік деп өте шықты ма?": жұрт Ту ұстаған "диван геройларға" өкпелі (ВИДЕО)
фото: 24.kz

Челлендж деп Туды желбіретіп, атпен ерсілі-қарсылы текке шауып жүрген желікпе жігіттер ұятқа қалды. Әлеуметтік желілерде олардың елдік пен ерлікке түк әсері жоқ шаралары мазаққа айналып жатыр, деп жазды paryz.kz.

"Әй, еркектер-ай... Ақыры атқа қонған екенсіңдер, 1 сағат трассаны жапсаңдар да, әйтеуір бірдеңе бітірмедіңдер ме? Далақ-далақ етіп, құр Ту ұстап шаба бергеннен не пайда? Ең құрыса, былтыр кептелісте тұрып қалған автобусты пойыз қаққан Шамалған станциясындағы көпірді неғып талап етпедіңдер? Атпен шауып жүргендердің бәрі өз ауылындағы бір-екі мәселені шеше шаппаған соң, бұл шабыстарың, расында, күлкілі екен... Текке кеткен қайран уақыт, қайран күш..." деп жазды Facebook-тегі парақшасына журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

Оны өзге белсенділер "Атқа обал болды", "Мен бір өзгерісті талап етіп, барлық қазақ жігіттері атқа мініп, Алматыға шауып келе жатыр екен десем", "Дігідік-дігідік деп өте шықты ма?" деген сынды мысқылмен қолдай кетті.

Тағы оқи отырыңыз: "Жолдан жігіттер қосылып отырады...": алматылықтар атқа қонды (ВИДЕО)

Иә, мәселе шеше алмайтындар мәстекке қонса керек. Қалған әңгіме төмендегі видеода.