Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң бізді тастап кетті» - Омар Жәлелдің үшінші әйелі

Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі Ләззат Мырзаш онымен не үшін ажырасқанын әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң бізді тастап кетті» - Омар Жәлелдің үшінші әйелі
фото: әлеуметтік желіден

«Бес жыл отасып, үш баланың ата-анасы атандық. Бастапқыда Түркияда оқып жатқан жеріме арнайы келіп сырға-сақина тағып, кіші жарым боласың ба деп ұсыныс жасаған болатын. Берген уәдесінде тұрмай, орта жолдан балаларыммен тастап кетті. 5-8 айға балаларыммен жалғыз қалдырып кете беретін. Балаларыма алимент төлемейді. Бірақ берген сұхбаттарында «балаларыма көмектесіп» тұрамын дегеніне ашу-ызам келеді. Оған ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң біздің отбасыны тастап кетті», - дейді ол.

Ләззат Мырзаш атағандай, Омар Жәлелдің алғашқы әйелі екеуінің үйленуіне рұқсат берген. Осылайша, олар Түркияда некелерін қиған.

Ол Маңғыстауда дәріс өткізгелі жатқан Омар Жәлелдің курсын да сынады.

«Мына азғын ілімді маңғаз Маңғыстауға жайылып, ұрпағыңның алдында масқара болмақшысың ба? Бұлардың адасушы ілімі киелі де қасиетті жерде тарауға тиесілі емес. Омар, саған ескертеміз, Адайда күйеу сабау деген дәстүр бар. Адай еш уақытта қызын, қарындасын қорлатып жылатып қоймаған», - деп жазды ол.