Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мемлекеттік сатып алулар жүйесіне кибершабуыл жасаған ер адам сотталды

Тергеу және компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденіп, қылмыс құралдары тәркіленді.

Мемлекеттік сатып алулар жүйесіне кибершабуыл жасаған ер адам сотталды
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті goszakup.gov.kz мемлекеттік интернет-ресурсын (Қазақстан Республикасының өте маңызды инфрақұрылымы) істетпей тастаған, электронды үкіметтің сатып алулар ақпараттық жүйесінде 2020 жылы мамырда үйлестіріле отырып жасалған кибершабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады zakon.kz.

"Осы кибершабуылдың салдарынан жалпы сомасы 164 миллиард теңгенің 7901 мемлекеттік сатып алу қызметі кейінге қалдырылды. Жедел-іздестіру қызметі кезінде "ЭҚО" АҚ (Электрондық қаржы орталығы) көмегімен электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде артықшылықтарға ие болу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған Қазақстан азаматы анықталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу және компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденіп, қылмыс құралдары тәркіленді.

Биылғы жылдың 22 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, сотталушы Қылмыстық Кодекстің 207-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағымен , яғни "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу" бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жыл мерзімге электронды мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді", - деп мәлімдеді ҰҚК.