Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Атырауда 1 келі боп туған бала бүгін мектепке барды

"Батыр бала" атанып кеткен Мақсот биыл бірінші сыныпқа барды. Осыдан алты жыл бұрын Атырау облыстық перинаталдық орталығында 1 келі 260 грамм салмақта дүниеге келген Мақсот есімді балақай бүгін мектеп табалдырығынан аттады. Ұлының өз құрдастарымен бірге өсіп, жетіліп мектепке барғанына қуанған ата-анасы өз қуанышын Stan.kz тілшісімен бөлісті.  

Атырауда 1 келі боп туған бала бүгін мектепке барды
Фото: stan.kz

"Мақсот – біздің екінші ұлымыз. Мен анасымын. Есімім – Гүлзира. Ең алғаш рет бөпемді көргенде қатты қорықтым. Кіп-кішкентай шақалақты қалай ұстаймын дейтінмін. Шыны керек, арманым – бөпемді қолыма алу болатын.  Қазір сол ұлым 6 жасқа жетті. Салмағы – 26 келі. Кейбір қатарластарынан да артық, спортты жақсы көреді. Тәубе деймін. Бірінші Алла, екінші Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз" – дейді балақайдың анасы Гүлзира.

Балақай бүгін Атырау қаласындағы №5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барды. 

"Мақсоттың арманы – футболшы болу. Біз батыр балақайдың арманына жетуіне, сабағын "беске" оқуына тілектестік білдіреміз" дейді жоғарыда аталған орталықтың баспасөз өкілі Нұргүл Ысмағұлова.