Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Жалақым - 90 мың!": Ақтөбе облысында кеншілер ереуілге шықты

"Юбилейное" кеніші облыс орталығы Ақтөбеден 250 шақырым жерде орналасқан. Кәсіпорын жылына 400 мың тонна кен өндіреді.

"Жалақым - 90 мың!": Ақтөбе облысында кеншілер ереуілге шықты
фото: ашық дереккөз

12 қаңтар күні Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы алтын өндіретін "Юбилейное" кенішінің жұмысшылары ереуіл өткізіп, өндірісті тоқтатып тастады, деп хабарлады paryz.kz, Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Кеніш жұмысшылары жалақыларын 50 пайызға көбейтуді талап етіп отыр. Сейсенбі күні Алтынды ауылындағы шахта, тас уату цехы, химиялық лаборатория мен гараждағы жұмыс мүлдем тоқтап қалды.

"Мен "Юбилейное" кенішінде 2009 жылдан бері тас уатушы-машинист болып жұмыс істеймін. Айлығым – 90 мың теңге. Жалақымыздың өзгермегеніне 5 жылдан асып барады. Тұрмыс қиындап кеткенін компания басшыларына талай рет айтқанбыз. Қаңтар айынан бастап жалақымызды 15 пайызға көбейтеміз деп уәде етіп отыр. Ол не болады?! Көбейтсе, бірден 50 пайызға көбейтсін! Біздің талабымыз – осы!" – деді Азаттыққа телефонмен сұқбат берген ереуілші Айдос Бейсембин.

Аты-жөнін атамауды өтінген тағы бір жұмысшы шахтада ауыр жұмыс істей жүре, айына 110 мың теңге жалақы алатынын айтты. Жұмысшылардың хабарлауынша, жалақының аздығына наразылық білдіріп отырғандардың жалпы саны – жүз шақты адам.

Мұғалжардың Алтынды ауылындағы кеніш қазақстандық AltynEx Company-дың иелігінде. Жалақы көбейтуді талап етушілерді тыңдау үшін кеше Ақтөбеге Алматыдан AltynEx Company-дың басқарма төрағасы ұшып барған. Жұмысшылардың хабарлауынша, Алматыдан келген өкіл сейсенбінің кешінде наразы топпен келіссөз жүргізе бастаған.

Алтын өндіретін кеніштегі жұмысшылар наразылығы туралы ақпаратты Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов та растады. Әкімнің сөзіне қарағанда, жалақыға кеніштегі 230 жұмысшының бәрі наразы емес.

"AltynEx Company акционерлік қоғамы 2021 жылғы қаңтар айынан бастап кеніш жұмысшыларының жалақысын 15 пайызға көбейткен. Екінші жартыжылдықта тағы 10 пайызға өсірмекші. Алайда жұмысшылар оны азсынып отыр. Тараптар әлі ортақ мәмілеге келген жоқ. Бүгін жұмысқа 60 адам шықпаған. Кеніштегі жұмыс мүлдем тоқтап қалды деген ақпарат жалған", – дейді Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов.

Тағы оқи отырыңыз: Компания басшысы жалақысын сұрағандарды кеңседен қуып шықты

БҚО-да бас көтерген 47 жұмысшыдан коронавирус анықтала қойды

"Юбилейное" кеніші облыс орталығы Ақтөбеден 250 шақырым жерде орналасқан. Кәсіпорын жылына 400 мың тонна кен өндіреді.