Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы ресейлік танымал пародист Максим Галкиннің концертіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
1 наурызда Астана қаласының мәдениет басқармасына 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы TopBilet ЖК директоры Р.Р. Аслановтан №271 кіріс хаты келіп түсті. 8 қазанда Мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хаттар түскен жоқ, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, бұған қарамастан, Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда, ұйымдастыру комитеті тиісті заңнамаға сәйкес, Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.