Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жолдан жігіттер қосылып отырады...": алматылықтар атқа қонды (ВИДЕО)

Аудиожазбалардан бастамашыл топқа өңірдің өзге аудандарындағы азаматтардың бірауыздан қолдау танытып отырғанын аңғаруға болады...

Мынау не шеру, қазақтар?

Опубликовано Еркеғали Бейсеновым Вторник, 12 января 2021 г.
"Жолдан жігіттер қосылып отырады...": алматылықтар атқа қонды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгін Whatsapp желісі арқылы Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол елді мекенінен бір топ жігіттің қолдарына көк Туды ұстап, атпен және бірнеше көлікпен Алматыға қарай шеру тартқан көптеген видеолар мен аудиожазбалары тарап жатыр. Тіпті, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп шығарып салуда. Айтуларынша, оларға жолдан әлі бірнеше ауданның ат-көлікті азаматтары қосылады екен, деп жазды paryz.kz.

"Алла оң жолын берсе, Райымбек ауданы Нарынқолдан көк туымызды желбіретіп алып шығамыз. Аттармен де, машинамен де жолдан жігіттер қосылып отырады. Кеген, Шелек, Еңбек, Талғар ауданынан жігіттер қосылады. Содан тура Алматыға бір-ақ келеміз", - делінген бір аудиожазбада.

Шеруді ұйымдастырушылардың сөздеріне сенсек, олар осы аптаның жұмасында Алматыға кіруі тиіс. Аудиожазбалардан бастамашыл топқа өңірдің өзге аудандарындағы азаматтардың бірауыздан қолдау танытып отырғанын аңғаруға болады. Беталыстары әншейін Туды насихаттаған челленджден бөлек сияқты. Алайда кейбір желі қолданушылар шерудің Нарынқолдан бастау алуын биліктің сайлаудан кейінгі бір жобасы деп топшылаған. Ал атбегі, журналист Ержан Жаубай оны:

"Қазақстан бойынша барлық ауыл, аудандар "Менің туым - менің отаным" челенджін өткізіп жатыр. Мақсаты - атқа мінуді, көк туды насихаттау. Талап - туды атпен алып жүру керек", - деп түсіндірді.

Демек, анау ентіккен, елірген дауысты аудио-видеолардың арандату болып шыққаны...