Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Беті қалың жігіт екен»: Аманжол Әлтаев Қырғызстан президенті ат мінгізген қазақ ақынын сынға алды

Белгілі айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жуырда Қырғызстан президенті ат мінгізген қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты сынға алды, деп жазды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Беті қалың жігіт екен»: Аманжол Әлтаев Қырғызстан президенті ат мінгізген қазақ ақынын сынға алды
фото: facebook.com

Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ, - деп жазды Аманжол Әлтаев.

Аманжол Әлтаев қырғыз тарапын екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауға шақырды.

«Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде ҚЫРҒЫЗ БАУЫРЛАР екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз. 

Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын.

Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын», - деп жазды ол.

Еске салайық, 13 тамызда қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев Чолпон-Атада өткен көкбөрі бойынша әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, Садыр Жапаровқа арнап сөз сөйлеп, екі халықтың достығын жырлаған болатын.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров сол жиында қазақ ақынына құрметі ретінде сыйлық табыстайтынын айтып, 20 тамызда Қырғызстан президентінің көмекшісі Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлаған тұлпарын Біржан Қалдыбаевқа тарту етті.