Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Кеше Атырау мен Маңғыстау облыстарында жарық өшіп қалған

Технологиялық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кеше Атырау мен Маңғыстау облыстарында жарық өшіп қалған
фото: tengrinews.kz

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Атырау мен Маңғыстау облыстарында жарық өшіп қалған, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

 

"2021 жылы 10 қаңтарда ауа-райының күрт бұзылуы, мұз қатып, көктайғақтың орын алуы, қар аралас жаңбыр жаууы сипатында ауа-райының айтарлықтай нашарлауына байланысты 220 кВ Индер-Атырау жоғары вольтты электр желісі ажырап, Атырау және Маңғыстау облыстары бөлігі оқшауланған жұмыс режиміне көшкен. Бұл кезде Қарабатан ГТЭС-інде жалпы қуаты 100 МВт екі генератор істен шығып, ол Атырау және Маңғыстау облыстарындағы тоқ жиілігінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл жайт жиіліктің төмендеуін болдырмас үшін автоматты құрылғыларды іске қосты (тұтынушылар 95 МВт мөлшерінде ажыратылған кезде, оның 70 МВт-ы Атырау облысында, 25-і Маңғыстау облысында)", - деп хабарлады KEGOC.

Автоматты режимнің арқасында екі аймақта жарықтың толық жойылу қаупінің алды алынды.

Сағат 23:22-де Қарабатан ГТЭС-інде бір генератор іске қосылды және станса өзінің генерациясын 50 МВт-қа арттырды. Сағат 22:59-да ЖЭО-3 МАЭК-те 200 МВт қондырғыны қосу туралы бұйрық түсті. Қазіргі уақытта KEGOC жеке құрамы технологиялық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Технологиялық ақауларды жою және оның ары қарайғы зиянын болдырмау үшін жасалатын жұмыстар кезекші персоналдың өміріне қауіп төндіреді. Жоғары вольтты жабдықтардың жұмысы бетін мұз басу немесе қар түсуі, ылғалдылықтың күшеюі кезінде бұзылады. Осыған байланысты "KEGOC" АҚ қызметкерлеріне зақым келтіру қаупін азайту үшін қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды", - деп түсіндірді компания.