Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қайрат Нұртастың әкесі Тоқаевқа үндеу жолдады

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков авиарейстің кешігуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. 

Қайрат Нұртастың әкесі Тоқаевқа үндеу жолдады
фото: әлеуметтік желіден

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сұрағым бар. Қазақстандағы авиакомпаниялар біздің еліміздің заңына бағына ма, әлде олар тәуелсіз компаниялар ма? Мен білгім келеді. Бұл сұрақты қоюымның себебі: мен авиакомпания қызметтерін көп қолданамын», - деді Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, 10-11 тамызға қараған түні Астана-Алматы бағыты бойынша Air Astana ұшағы сағат 01.50-де ұшуы керек еді, алайда ол таңғы бесте қызметін бастаған. Ол жолаушылардан авиакомнаияның өкілдері кешірім де сұрамағанын атап өтті. Осыған байланысты әншінің әкесі кешігіп ұшқан.