Ақаулық түзетіліп жатыр.
Нұр-Сұлтанның ескі орталығындағы сайлау учаскелерінің бірінде аспалы төбе жартылай құлады, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға учаске ашылғаннан кейін көп ұзамай болған. Суреттер Telegram-арнада жарияланды. Бұл ақпаратты елорданың білім басқармасы растады.
"№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, №3 мектеп-гимназия) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Ақаулық түзетіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта сайлау учаскесінің жұмысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін сайлау учаскелері 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық.