Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қаптар төселіп жатыр...": ШҚО-да бір ауылды су басуы мүмкін

Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова әлеуметтік желіде жазды.

"Қаптар төселіп жатыр...": ШҚО-да бір ауылды су басуы мүмкін
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстанда Ертіс суының деңгейі күрт көтеріліп келеді. Өзен бойында орналасқан ауылдардың бірі Уваровоны су басуы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты Глубокое ауданында тасқынға қарсы дайындық жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова әлеуметтік желіде жазды.

"Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен және шаруа қожалықтармен бірлесе отырып, жағалауға бөгет қоюға арналған материалдарды шұғыл дайындадық. Сондай-ақ тағы бір кішкентай өзеннің жағасына инертті материал салынған қаптар төселді" деп жазды Глубокое әкімі.