Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Не көрінді...": 17 жастағы қыз 70-тегі шалға тұрмысқа шықпақ болған (ВИДЕО)

"Ертең ана шал өлсе, түксіз қаласың. Сол кезде ауылға қай бетіңмен келесің? 50-55-тегі қатын емессің. Шындық сол", - дедім...

"Не көрінді...": 17 жастағы қыз 70-тегі шалға тұрмысқа шықпақ болған (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Көптеген жетім баланы бауырына басып, болашағын құруға жағдай жасап отырған Әмина ханым басынан өткен оқиғасын бөлісті. Бірде 17 жастағы қыз 70 жастағы шалға байлығына қызығып тимек болған екен, деп хабарлады paryz.kz.

"70 жастағы шал келді. 17 жастағы қыз "тиемін" деп отыр. Не көрінді сол қызға? Содан кейін қызды шақырып алып: "Ананың балалары бар, немерелері бар. Дүниесіне қызығып отырсың ба? Ертең ана шал өлсе, түксіз қаласың. Сол кезде ауылға қай бетіңмен келесің? 50-55-тегі қатын емессің. Шындық сол", -  дедім. Кейін ол шалға барып: "Әмина апай сіз шыққан соң, "Шалға тиме" деп жатыр", - деп айтыпты. Сол кісімен әлі күнге дейін амандаспаймын. Амандаспаса, әрмен қалсын", - дейді Әмина ханым.

Бұл оқиға желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілігі байлықтың бақытты алмастыра алмайтынын жазуда. Арасында "Қазір 20 жастағы жігіттен 70 жастағы шал артық. Жағдайын жасаса болды емес пе?" деп қыздың әрекетін қоштап сөйлегендер де табылды.